Нұр-Сұлтанда оннан астам көлік өртеніп кетті

0
2 140

​Көлік жуу орнында автокөлік көп болғандықтан өртті сөндіру қиынға соққан. Қызыл жалын сағат 10:53-те толық сөндірілді.


Нұр-Сұлтанда оннан астам көлік өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілерге автокөлік жуу орнының ішінде көліктер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оқиға бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесі, 26/1 мекенжайында болған.

"Өрт сөндірушілер сағат 08:59-да келген бойда "Батыр" көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша 13 жеңіл автокөлік зардап шекті", - делінген хабарламада.

Ғимарат ішінде автокөлік көп болғандықтан өртті сөндіру қиынға соққан. Алайда өрт сөндірушілер жедел қимылдап, жалынды сағат 10:21-де ауыздықтап, 10:53-те толық сөндірді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінің 9 бірлік техникасы мен жеке құрамның 15 адамы жұмыс істеді.