Нұр-Сұлтанда полицей 1,5 млн теңгенің жанармайын жымқырды деген күдікке ілінді

0
585

Полицей тергеуге алынған


Нұр-Сұлтанда полицей 1,5 млн теңгенің жанармайын жымқырды деген күдікке ілінді
ERNUR.KZ. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ПД жол-патрульді полициясы полкі командирінің орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп жазады kaz.nur.kz.

Жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушісі Данияр Биғайдаровтың сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласының полицейі тергеуге алынған.

Болжам бойынша, 2019 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, заңдылық пен тәртіпті, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қойылған міндеттерді бұза отырып, басқа адамдармен топтасып, 1,5 миллионнан астам сомада жанармай талондарын заңсыз есептен шығаруды жүзеге асырған.

Жанармайды қаланы патрульдеу үшін елорданың басқа полицейлері пайдалануы керек еді.

Іс бойынша айыпталушылар жанар-жағармай материалдарын жанармай құю бекеттерінде біреудің орнына қойылған адам мен компаниялар арқылы сатқан деп болжануда.