Нұр-Сұлтанда пранк жасаған жас жігіттер ұсталды – видео

0
522

18-19 жастағы жігіттер Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді.


Нұр-Сұлтанда пранк жасаған жас жігіттер ұсталды – видео

ERNUR.KZ. Астаналық полицейлер түнгі уақытта досына пранк жасаған жас жігіттерді ұстады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

20 сәуірде түнгі сағат 02.38-де жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына белгісіз біреулердің жас жігітті көлік жүксалғышына күштеп салып жатқаны түскен. Мамандар бірден Сарайшық көшесінде жүрген патрульге хабар береді.

Мамандандырылған патрульдік полиция батальоны Қабанбай батыр даңғылының бойында "Toyota" маркалы екі автокөлікті тоқтатты. 18-19 жастағы жігіттердің бәрі Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олар досымен ойнап, әлеуметтік желілер үшін пранк жасағысы келген.
"Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Осындай әрекетке жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді департамент мамандары.

Полиция қоғамдық тәртіпті және түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзбау қажеттігін ескертті.