Нұр-Сұлтанда референдум өтетін күні қоғамдық көлік тегін жүреді

0
608

Автобустар бұрынғыдай сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.


Нұр-Сұлтанда референдум өтетін күні қоғамдық көлік тегін жүреді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда референдум өтетін күні (5 маусым) қоғамдық көлік тегін жүреді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қала маңына қатынайтын маршруттармен де тегін жүруге болады. Автобустар бұрынғыдай сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2020 жылдың наурызынан бастап кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру жүйесі енгізілген.