Нұр-Сұлтанда сауда орталығы маңына әуе шары құлады

0
392

Құлаған сәтте шар себетінде ересектермен қатар балалар да болған.


Нұр-Сұлтанда сауда орталығы маңына әуе шары құлады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығынан әуе шарын жел ұшырып әкетті, деп жазады Tengrinews.kz.


Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Astanovka98 Telegram-арнасы кадрларды бөлісті.


Құлаған сәтте шар себетінде ересектермен қатар балалар да болған. Жерге түскен бойда әуе шарын жел алып кетпес үшін бірнеше адам оны ұстап қалуға әрекет етеді.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 112 қызметіне бұл оқиға бойынша ешқандай ақпарат түскен жоқ", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қалалық ТЖД 6 шілде күні күн райының қолайсыз болатынын хабарлаған болатын. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды абай болуға шақырады.