Нұр-Сұлтанда сауда орталығы өртке оранды (видео)

0
529

76 өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды.


Нұр-Сұлтанда сауда орталығы өртке оранды (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда "Астықжан" сауда орталығында жиһаз өртенді, деп жазады Stan.kz

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шақырудан кейін 6 минут ішінде жеткен.



Алдын ала ақпарат бойынша бүгін сағат 09:42-де Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Әл-Фараби даңғылы, 28 мекен-жайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға шұғыл аттанған." Өрт сөндірушілер шақыру орнына 6 минуттың ішінде келді. Олар жеткенде "Астықжан" сауда орталығының 3-қабаттындағы жиһаз салоны жанып жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір елордалық 76 өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды", - деп жазылған департаменттің дерегінде.