Нұр-Сұлтанда шырша жағу салтанаты 22 желтоқсанда өтеді

0
1 583

Қала аумағында 30-дан аса жаңа жылдық шырша бар.


Нұр-Сұлтанда шырша жағу салтанаты 22 желтоқсанда өтеді

ERNUR.KZ. 22 желтоқсан сағат 20: 00-де Нұр-Сұлтанда қаланың барлық жаңа жылдық шыршалары жанады, деп хабарлайды Хабар24.

Қала аумағында олардың саны 30-дан асады.

Сондай-ақ 22 желтоқсанда «Үйдегі шыршаны безендіру» флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсанда сағат 20:00-де өз үйлерінде шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды. Бұл флешмобқа кез келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыра отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.

Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейнеқұттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.