Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновке ескерткіш қойылды

0
771

Ескерткіш Сарыарқа даңғылы бойында, Талғат Бигелдинов көшесінің қиылысына орнатылды.


Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновке ескерткіш қойылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш ашылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ескерткіш Сарыарқа даңғылы бойында, Талғат Бигелдинов көшесінің қиылысына орнатылды. Жоба бойынша мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев жұмыс істеді.

Ескерткіш қоладан және граниттен жасалды. Онда Талғат Бигелдинов Ұлы Отан соғысы жылдарында жас ұшқыш ретінде, ал кеудесінде медальдары бейнеленген.

"Ұлы Жеңіс қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Талғат Бигелдиновке арнап ескерткіш ашылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерліктің, табандылықтың, өскелең ұрпақ үшін ерлік пен даңқтың үлгісі болып саналады! Батыр ата-бабаларымыздың арқасында қазір бейбіт күнде өмір сүріп жүрміз! Біздің міндетіміз - батырларды жадымыздан шығармай, еске алу", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Талғат Бигелдиновтің балалық шағын тілге тиек ете отырып, жетімдіктің тауқыметін ерте көргеніне қарамастан ел азаматы болып, халықтың мақтанышына айналғанын, «қатардағы ұшқыштан эскадрильяның үздік командиріне дейінгі жолдан өткенін атап өтті.

Талғат Бигелдиновтің қызы Галина бұл күн ардагердің туыстары үшін де, барша қазақстандықтар үшін де қуанышты күн екенін атап өтті.