Нұр-Сұлтанда теплоходта кеш ұйымдастырғандар видеоға түсіп қалды

0
578

Куәгерлер теплоходтағы кешті видеоға түсірген.


Нұр-Сұлтанда теплоходта кеш ұйымдастырғандар видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Полицейлер мен санитар дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы Есіл өзеніндегі теплоходта кеш ұйымдастырғандарды іздестіріп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Куәгерлер Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенінің бойымен жүзіп келе жатқан теплоходтағы кешті видеоға түсірген.




Кадрларда жастардың билеп жатқанын көруге болады. Онда отыздан аса адам жүр. Демалушылар карантиндік шектеулерде көрсетілген маска режимі мен әлеуметтік қашықты елемейді.




"Аталған факті бойынша Нұр-сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті көліктегі полиция департаментінің Желілік басқармасымен бірлесіп, видеода көрсетілген адамдарды анықтау бойынша тексеруді бастады", - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.


Ол карантинді бұзған барлық жеке және заңды тұлғаы жауапқа тартылатынын айтты.