Нұр-Сұлтанда тірі сиырды ғимарат басына кранмен көтеріп шығарды

0
2 465

Видео әлеуметтік желіде жарияланды.


Нұр-Сұлтанда тірі сиырды ғимарат басына кранмен көтеріп шығарды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды жаңадан салынып жатқан ғимарат басына кранмен көтеріп шығарды, деп жазады zakon.kz.

Видео желідегі zhaloby_astana парақшасында жарияланды.

Не істеп жатыр? Біреу түсіндіредіме мынаны!? Нұр-Сұлтанда сиырды кранмен төбеге көтеріп шығарды, деп жазады автор.

Желі қолданушылары жұмысшылар осылай төбеге шығарған сиырды жоғарыда сойып алмақшы шығар деп болжам жасады. Көпшілігі мұны жабайылыққа, жануарды қорлауға теліді.



Елордалық полиция бұл оқиғаға қатыстылар сот алдында жауап беретінін атап өтті.

Бұл факт тексеріліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайлары нақтыланғаннан кейін, оған заңдық баға беріледі. Тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылады, - деп түсіндірді полициядағылар.