Нұр-Сұлтанда төртінші сынып оқушыларының төбелесі видеоға түсіп қалған

0
1 283

Видео мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып жатыр.


Нұр-Сұлтанда төртінші сынып оқушыларының төбелесі видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының өкілдері төртінші сынып оқушыларының төбелесі туралы пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

№ 31 мектептің төртінші сыныпта оқитын үш оқушы өзара жанжалдасып, кейін төбелескен. Оқиға видеоға түсірілген. Видео мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

"Оқушылар сынып жетекшілерін шақырған. Осыдан кейін оқушылардың әрқайсысымен әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Балалардың ешқайсысы денсаулығы жайында шағымданбаған. Келесі күні мектеп әкімшілігі балалардың ата-аналарын шақыртылған, бұл жиынға психологта қатысқан. Кездесу барысында өзара мәмілеге келіп, ата-аналар зардап шеккен баладан және ата-анасынан кешірім сұрады. Екі бала мектептің ішкі туркеуіне алынды", - деді оқиға туралы білім басқармасының өкілдері.

Сондай-ақ, оқиғадан кейін келесі күні зардап шеккен бала ауруханаға түскен.

"Қазіргі уақытта оның жағадйы жақсы. Баланың ата-анасы ювеналды полицияға барған. № 31 мектептің әкімшілігі оқушылармен және осы сыныптағы жағдайы бақылауға алуды тапсырды", - деді Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының өкілді.