Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің терезесіне кран құлады

0
489

Оқыс жағдай Нұр-Сұлтандағы Сығанақ көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.


Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің терезесіне кран құлады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оқыс жағдай Нұр-Сұлтандағы Сығанақ көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Құлаған кранды үй иесі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді. Онда терезенің қирап жатқанын, ал кранның бас жағы асүйге дейін жеткенін көруге болады.

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы қатысты қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

«28 сәуір күні сағат 14.26-да Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшелері 4 адам, бір техникадан жасақталған құраммен Сығанақ көшесі 2А мекенжайына шықты. Оқиға орнына жеткен бойда 6-қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлағаны белгілі болды. Аталған орынға өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мамандары жіберілді. Зардап шеккендер жоқ», - деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Әзірге ауыр техниканың қалай құлағаны және келтірілген залалды кім өтейтіні белгісіз.