Нұр-Сұлтанда ТЖД басшысы қамауға алынды

0
639

​​Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды.


Нұр-Сұлтанда ТЖД басшысы қамауға алынды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп жазады Tengrinews.kz.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы ("Пара алу") бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ұсталды, оған қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы – қамауға алу. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Антикор Нұр-Сұлтандағы стадионға қатысты пара алу дерегін тергеп жатқаны хабарланған болатын.