Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

0
549

Қылмыстық топ суық қарумен қаруланған.


Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысы ұсталды, деп жазады ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.

Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.