Нұр-Сұлтанда ұшақ сүйреп рекорд жаңартпақ болған жігіттің күші жетпей қалды

0
1 422

​ Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды.


Нұр-Сұлтанда ұшақ сүйреп рекорд жаңартпақ болған жігіттің күші жетпей қалды

фото кадрдан алынған

Елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда әлемдік рекордты жаңартпақ болған жігіттің ұшақты сүйреуге шамасы келмеді. 26 тонналық ұшақ ақыры орнынан тапжылған жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Алмат Жұманов ұшақ сүйреуге тыңғылықты дайындалды. Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды.

Жаңа рекордты тамашалауға келген тілшілермен бірге Гиннесс кітабының өкілдері де сертификатын ұстап әзір тұрған. Алайда қанша тырмысса да, ұшақты сүйрей алмай қойды. Рекорд ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Токиодағы спортшыларымызға арналмақ болған.

Бұған дейінгі рекорд Ресейде тіркелген, рекордшы 13 тонналық ұшақты сүйрепті. Ал 21 жастағы Алмат Жұманов бұған дейін 109 тонналық пойыз тартқан екен. Енді ұшақты қойып, Алматыда 300 тонналық пойызды сүйреп рекорд жаңартпақшы. Қазіргі көрсеткіш 276 тонна.

"Бір-екі рет тартқан кезде күшім қалған жоқ. Сондықтан менде 4-5 мүмкіндік болды. Соңғысында күшім жетпей қалды. Бірінші, екіншісінде күшім сарқылды. Оның үстіне жері қисық екен. Жоғары шыққан кезде мені артқа лақтырып жіберді. Сондықтан бұл өте қиын болды", - дейді Алмат Жұманов.