Нұр-Сұлтанда зәулім тұрғын үй кешені өртенді

0
755

Бірінші өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан, жалын шарпыған аумақ шамамен 100 шаршы метр болған.


Нұр-Сұлтанда зәулім тұрғын үй кешені өртенді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда зәулім "Ұлыбритания кварталы" тұрғын үй кешені өртенді, - деп жазады Tengrinews.kz.

ІІМ ТЖК мәліметінше, 9 шілдеде 19:39-да Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД "101" кезекші пультіне Алматы ауданындағы Сарқырама көшесінің қиылысында орналасқан "Ұлыбритания кварталы" тұрғын үй кешенінің алтықабат үйлерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

19:46-да бірінші өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан, жалын шарпыған аумақ шамамен 100 шаршы метр болған.

Тұрғындар эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 51 маманы мен 11 арнайы техникасы жұмылдырылған.