Нұр-Сұлтанда жамбы ату мен теңге ілуден республикалық турнир басталды

0
872

Ең үздік мерген мен теңге ілу шеберіне автокөлік кілті табысталады.


Нұр-Сұлтанда жамбы ату мен теңге ілуден республикалық турнир басталды

ERNUR.KZ Елордада Жамбы ату мен теңге ілу федерацияларының кубогына арналған республикалық турнир басталды, деп жазады 24.kz

Жарысқа еліміздің әр түкпірінен 40 спортшы келген. Ертең кіл мықтыдан кім мықты анықталады.

Айта кетейік, қос федерацияның басын қосқан турнир алғаш рет ұйымдастырылып тұр. Мұндағы мақсат – ұлттық спортты дамыту. Спортшылар да күн райының қолайсыздығына қарамастан барын салып жатыр. Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен өткен республикалық турнир «Ұлы дала рухы» фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Ең үздік мерген мен теңге ілу шеберіне автокөлік кілті табысталады.

"Жүлде қоры 2 кубок үшін 11 млн теңгені құрайды. Екі автокөлік жеңімпаздарға, екінші орынға млн теңгеден, үшінші орынға 500 мың теңгеден жүлде тағайындалып отыр. Жүлдені тағайындаушы Жамбы ату федерациясының басшысы Нұрлан Әменов өзінің демеушілік жасап отыр", - деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.