Нұр-Сұлтанда жаңа көлікті енді автосалонда тіркетуге болады

0
93

Енді бұрынғыдай жаңа көлікті автосалоннан рәсімдеген кезде мамандандырылған ХҚО-ға барудың керегі жоқ.


Нұр-Сұлтанда жаңа көлікті енді автосалонда тіркетуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» астаналық көлік иелері үшін тамызайының басынан жаңа жобаны іске қосты. Енді автосалоннан жаңа автомобиль сатып алатындар оны бірден тіркеуге қойып, құжаттарын жасата алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұрын жаңа көлікті автосалоннан рәсімдеген кезде мамандандырылған ХҚО-ға бару керек еді. Енді автосалонда мемлекеттік корпорацияның бір қызметкері жұмыс істеп, есепке қою операцияларын жүзеге асырады. Көліктің техникалық құжаты мен мемлекеттік тіркеу нөмірі дайын болған сәтте оны салонға курьер жеткізіп береді.
Әзірге бұл қызмет Нұр-Сұлтан қаласындағы Mercedes-Benz автосалонынан көлік сатып алатындар үшін қолжетімді. Таяу арада бұл жоба, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданындағы AsterAuto автосалонында іске қосылатын болады.

Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет