Нұр-Сұлтанда жаңа үйлердің бірінші қабатында оңалту орталықтары болады

0
1 258

Әкім атқарылып жатқан іс-шараларды толық баяндап шықты.


Нұр-Сұлтанда жаңа үйлердің бірінші қабатында оңалту орталықтары болады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов шаһардың «тұрғындарға қолайлы қала» тұжырымдамасы аясында дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Нұр-Сұлтанның барлық аудандары орталықтанған дамуға көшіп жатыр. Үйге жақын жерде мектеп, балабақша, медициналық орталықтар, жұмыс, демалыс және спорт орындары бар. Бұл қағидалар «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» бас жоспарында көрсетілген. Бұл қала аудандары арасындағы теңгерімсіздікті жоюға мүмкіндік береді. Тұрғындарды қадамдық қолжетімділік аясында медициналық қызметтермен қамтуға ерекше көңіл бөлдік. Биыл қала аудандарында 29 «үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылды. Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары желісін айтарлықтай кеңейттік» деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.


Оның айтуынша, тек осы жылы ғана 5 ірі оңалту орталығы ашылған. Әкім осы салада атқарылып жатқан іс-шараларды толық баяндап шықты.