Нұр-Сұлтанда жас жігіттер қыз үшін бір-біріне оқ атты

0
2 403

Түнде болған атыс туралы әлеуметтік желіде жарияланды.


Нұр-Сұлтанда жас жігіттер қыз үшін бір-біріне оқ атты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда жас жігіттер қыз үшін оқ атты, деп жазады Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтан тұрғыны түнде болған атыс туралы Facebook желісінде жариялады.

"Түн кезінде. (...) Бірінен кейін бірі оқ атып жатыр, терезеге жүгіріп келдім, жаппай төбелес болып жатыр. Қан ағып, жерде жатыр. Бір топ Сембинов көшесіне қарай қашты. Адамдар зардап шеккен соң полиция мен жедел жәрдемді шақырдым. Бір минуттан кейін жараланғандарды көлікке отырғызып, айдап кетті. Шу болған соң қарсы беттегі үйден адамдардан шықты. Полиция келген кезде жолда қан ізі ғана қалды", - деп жазды елорда тұрғыны Эльмира Баекешева "Интересная жизнь Астаны" тобында.



Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 24 қаңтарға қараған түнде 109 нөміріне сағат 01.09-да қалалық ауруханаға 19 және 23 жастағы екі ер адам оқ жарақатымен түскені туралы хабарлама келген.

"Бұл дерек бойынша бұрыннан таныс адамдар арасында қыз үшін атыс болғаны анықталды. Төбелесте болғандардың бәрі "Байқоңыр" ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр", - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер