Нұр-Сұлтанда жасөспірім жетінші қабаттан құлағалы тұрған сәбиді құтқарып қалды

0
389

Оқиға 13 шілдеде кешкі уақытта «Шерқала» тұрғын үй кешенінде болған.


Нұр-Сұлтанда жасөспірім жетінші қабаттан құлағалы тұрған сәбиді құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда жасөспірім жетінші қабаттың терезесінен құлағалы тұрған баланы аман алып қалды, деп жазады Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан белгілі болғандай, оқиға 13 шілдеде кешкі уақытта «Шерқала» тұрғын үй кешенінде болған.

«Шамамен екі жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздады. Бала терезенің москитті торын итеріп, сыртқа шықпақ болған. Оқиға куәгерлері бір сағат бойы пәтерге кіре алмады. Тұрғындар полицияға хабарлады. Абырой болғанда, көпбалалы отбасыдан шыққан жас жігіт баланы құтқаруға бел буды. 17 жастағы бозбаланың өзі де құлап кете жаздады, қайта өлім аузынан аман қалды. Нағыз батыр деуге лайық жігіт екен! Осы оқиға бәріне сабақ болса екен. Ата-аналар, балаларыңызға қамқор болыңыздар. Терезеге тор орнатыңыздар», - делінген желідегі жазбада.

Жарияланған бейнекөріністен жас жігіттің бір пәтердің терезесінен келесі пәтердің терезесіне қалай өткені көрсетілген. Ол москит торын алып, терезеден ішке кіреді. Оқиға куәгерлері болған жайтқа қатты алаңдаған.

Кейін белгілі болғандай, жасөспірімнің өзі де көпбалалы отбасыдан шыққан. Ол өз ерлігін кейін өзі балалы болғанда, осы жақсылығы жақсылықпен қайтады деп үміттенетінін айтқан.