Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында 1-сынып оқушысы бассейнге батып кетті

0
1 138

Ол басқа балалармен бірге демалуға келген.


Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында 1-сынып оқушысы бассейнге батып кетті

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы "Хан-Шатыр" сауда орталығында 1- сынып оқушысы бассейнге батып кетті, деп жазады 24.kz.

Оқиға бүгін, 3 маусым күні "Sky Beach Club" жағажай клубында орын алған.

Хабарланғандай, ол басқа балалармен бірге демалуға келген.

Полицейлер мектеп оқушысының өлімі туралы ақпаратты ресми түрде растады.

Қыз бала демалыс орнында мектеп жанындағы лагерь балаларымен және тәлімгермен бірге болған.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша сараптама мен тергеу жүргізіліп жатыр. Жабық бассейнге лагерьден барлығы 30-дан астам бала барған. Олар №10 мектеп-гимназия оқушылары.