«Нұр-СұлтанГаз» директоры Экология министрі келтірген мәліметті жоққа шығарды

0
2 195

Елордада табиғи газға қосылған үйлердің саны 300 емес, 30 шақты екен.


«Нұр-СұлтанГаз» директоры Экология министрі келтірген мәліметті жоққа шығарды

ERNUR.KZ. «Нұр-СұлтанГаз» ЖШС директоры Александр Райк Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің «Елордада 300 үйге газ қосылды» деген мәлімдемесін жоққа шығарды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Еске сала кетейік, 5 қаңтарда Экология министрі ОКҚ-да өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласында үйлерді газға қосу басталғанын, бүгінде 300 үй қосылғанын айтты. Сондай-ақ ведомство басшысы тұрғындардың көбі көмір сатып алғандықтан, әлі де газға көшуге дайын еместігін де мәлімдеген.

Алайда, «Нұр-СұлтанГаз» ЖШС директоры Александр Райк министр келтірген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«Кеше Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтан қаласында 300 үйге табиғи газ қосылғанын айтып, жария түрде мәлімдеме жасады. Айтуынша, елордалықтардың көбі көмір сатып алғандықтан газға көшуге дайын емес екен. Бірақ, бұл өтірік. Расын айтқанда, қалада небәрі 30 үй ғана табиғи газға қосылды. Егер жағдай жасаса, мың шақты үйге газ кірер еді», - деп мәлімдеді Александр Райк.