Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды

0
485

Жолаушылар ұшағының бортында 205 жолаушы болған.


Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Boeing 767 жолаушылар ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонды. Оқиға 23 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 21:35-те болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Әуекомпания Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл халықаралық рейсін орындаған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанармай жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты апатты жағдайда қонуға тура келген.

Жолаушылар ұшағының бортында 205 жолаушы болған, оның ішінде бес бала және экипаждың бес мүшесі. Зардап шеккендер жоқ.