Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды

0
309

Бұған дейін прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.


Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды

ERNUR.KZ. Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады zakon.kz.

Бұған дейін прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

2022 жылғы 22 сәуірде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оған іздеу жарияланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агнеттігі облыстық полиция департаментінің экс-басшысы қайда жасырынғанын айтқан адамға 12 миллион теңге беруге уәде етті.

13 шілдеде Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалған құжат арқылы Ресеймен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған жерінде ұсталды.

2023 жылғы 6 қаңтарда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.

7 қаңтарда Павлодар облысының экс-басшысы ісінің материалдары қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот заң бұзушылықтарды жою үшін прокуратураға қайтарғаны белгілі болды.