Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан емделіп шықты

0
939

Дәрігерлер тарапынан таза ауада серуендеу кеңес етілді.


Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан емделіп шықты

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан айықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Жақсы жаңалығым бар. Бүгін Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаев оқшауланды, қашықтан жұмыс істеп жатыр және оған таза ауада серуендеу кеңес етілді", - деп жазды Айдос Үкібай.