Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрімен кездесті

0
653

Синдзо Абэ Қазақстанның антиядролық бастамаларына және жаппай қырып-жою қаруының таратылуына қарсы қабылдаған шараларына қолдау білдірді.


Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бұл туралы Елбасы баспасөз қызметі Instagram парақшасында бөлісті.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Синдзо Абэге император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

Синдзо Абэ Қазақстанның антиядролық бастамаларына және жаппай қырып-жою қаруының таратылуына қарсы қабылдаған шараларына қолдау білдірді.