Нұрсұлтан Назарбаев жас сарбаздармен кездесуде

0
1 329

Кездесудің ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылуы жайдан-жай емес.


Нұрсұлтан Назарбаев жас сарбаздармен кездесуде

ERNUR.KZ. Елордадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиешілерімен кездесуде, деп жазады ҚазАқпарат.

Кездесудің ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылуы жайдан-жай емес. Осыдан үш жыл бұрын дәл осы күні Мемлекет басшысы - ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қарулы күштердің мәдени ошағы - Ұлттық әскери-патриоттық орталықты салтанатты түрде ашқан болатын.

Бүгінгі шара барысында «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы Елбасы баяндалып, қозғалыстың өңірлердегі филиалдары өз жұмысын бастайтын болады. Сонымен қатар, қозғалыс тәрбиеленушілерінің жаңа киім үлгісі таныстырылады.

Мұнан бөлек, ҚР Президентіне еліміздің Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша М.Греков атындағы әскери суретшілер студиясы салған заманауи Қазақстан армиясы мен Қарулы Күштердің құрылуындағы Жоғарғы Бас қолбасшының рөлі туралы картина, арнайы эффектілер қолданылған «Орбұлақ шайқасы» диорамасы көрсетілді.