Нұржан Әлтаев Мәжіліс депутаты болды

0
1 878


Нұржан Әлтаев Мәжіліс депутаты болды

ERNUR.KZ. «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев Парламент Мәжілісінің депутаты болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, кеше Орталық сайлау комиссиясы Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеген.

Сонымен қатар, оған депутаттық мандат берген болатын. Н.Әлтаев бұған дейін Мәжіліс депутаты болған Серік Сәпиевтың орнына келді. Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне ауысқан болатын.

Айта кетейік, Нұржан Әлтаев осыған дейін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған.