Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

0
768

Нұржан Әлтаев былтыр 13 ақпанда Парламент Мәжілісінің депутаты болған еді.


Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Бұған дейін «Nur Otan» партиясының қатарынан шығып, өз алдыма бөлек партия құрамын деген Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында хабарланған.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылғаны туралы «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын», - делінген ОСК қаулысында.

«Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев Әлтаевтың мәселесі күн тәртібінде қаралғанын және бірауыздан партия қатарынан шығарылғанын мәлімдеді.