Нұржан Жетпісбаев Jas Otan басшысы болып тағайындалды

0
1 952

Нұржан Жетпісбаев 10 жылдай Jas Otan жүйесінде жұмыс істеген.


Нұржан Жетпісбаев Jas Otan басшысы болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Нұржан Жетпісбаев Jas Otan басшысы болып тағайындалды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Елбасы, Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен келісе отырып, Орталық кеңесінің отырысында Jas Otan жастар қанатының жаңа басшысы болып Нұржан Жетпісбаев сайланды", - делінген хабарламада.

Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұржан Жетпісбаев 10 жылдай Jas Otan жүйесінде жұмыс істеген, оның алты жылында Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы болған. Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасын басқарды. Осы уақытқа дейін Теміртау әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет