Облыс әкімінің орынбасары желіде әйелі туралы тараған қауесетке түсініктеме берді

0
709

​Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың әйелі күйеуінің арқасында мұнай компаниясына кеңесші болып орналасқаны туралы қауесет тарап жатыр.


Облыс әкімінің орынбасары желіде әйелі туралы тараған қауесетке түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев әйелі жайлы қауесетті жоққа шығарды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Маңғыстау тұрғындары арасында облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың әйелі күйеуінің көмегімен жұмысқа орналасты деген қауесет желдей есті. Блогерлердің айтуынша, ол жоғары лауазымды жұбайының арқасында "Қаражанбасмұнай" компаниясына штаттан тыс кеңесші болып кірген.

Қыраубаев мұны жоққа шығарды. Айтуынша, бұл ротациямен, "Самұрық Қазына" ішіндегі кадрлық ауыс-түйіспен байланысты.

"Оны "Қаражанбасмұнай" компаниясына штаттан тыс кеңесші қызметіне шақырды. Мен бұған араласқан жоқпын. Ол өз ісінің маманы – 20 жылдан астам коммуникация саласында жұмыс істейді. Кейбір журналдарда редактор болып, жаңалықтар жүргізді, бірқатар ұлттық компанияда қызмет етті. "Самұрық Қазынада" жұмыс істеп жүргеніне он жылдан асты. Ол ешкімге бағынышты емес, өзі ақша табады. Адамның өзі жақсы білетін салада еңбек етуі қалыпты жағдай", - деді ол брифингте.

Әлихан Қыраубаев облыс әкімінің бірінші орынбасары болып өткен жылдың қарашасында тағайындалды.