​Облыста мәслихат депутаттары сайланды

0
966

Сайлау барысында 1 үміткер тіркеуден өтпей қалды.


​Облыста мәслихат депутаттары сайланды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында аудандық және қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық аймақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 25 үміткер түсті. Олардың 8-і депутат мандатына ие болды. Белгілі болғандай, 7 кандидатты «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ұсынды. Ал қалған 17 адам өз ірктерімен қатысқан.

Сайлау барысында 1 үміткер тіркеуден өтпей қалды. Себебі, оның тиісті құжаттары болмаған. Жалпы, сайлау барысында саяси партияның 55 өкілі байқаушы қызметінде болды. Сондай-ақ, 4 БАҚ өкілі бақылады. Сайлау барысында байқаушылардан ешқандай сын-ескертпелер түспеген.

«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңында көрсетілген талаптар толығымен сақталды.