Оқушы қыздарды мектеп маңында көлік қағып кетті (видео)

0
3 492

Жол-көлік оқиғасы жаяуларға жолдан өтуге рұқсат етілген жерде болған.


Оқушы қыздарды мектеп маңында көлік қағып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Қостанайда Абайда көшесінде Mazda көлігінің жүргізушісі физика-математика лицейінің маңында екі қызды қаққан, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл оқиға 10 сәуірде сағат 15:35-те болған. Қаланың ПД-ға бұл оқиға жайлы хабар түскен. Қыздардың 2007 жылғы екені хабарланды.

"Көлік жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған жоқ. Полиция қызметкерлері одан оқиғанынң мән-жайын сұрастырып жатыр", - деді Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің сөзінше, екі қыздың да миына зақым келген. Олар Қостанайдың облыстық балалар емханасына жатқызылған. Куәгерлердің сөзінше, жол-көлік оқиғасы жаяуларға жолдан өтуге рұқсат етілген жерде болған.