Оқушыға берілген мектеп формасы ауыстырылды

0
525

Жетісу облысының білім басқармасы түсініктеме беріп, бұған жол берген мектеп директорына қатаң сөгіс берілгенін жеткізді.


Оқушыға берілген мектеп формасы ауыстырылды

ERNUR.KZ. Жетісу облысы білім басқармасы оқушыға берілген үлкен өлшемдегі мектеп формасын ауыстырып берді, деп жазады inbusiness.kz.

Еске сала кетсек, оқушының анасы әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, қызына берілген мектеп формасының шамадан тыс үлкен екендігіне шағымданған еді.

Осы жайтқа байланысты Жетісу облысының білім басқармасы түсініктеме беріп, бұған жол берген мектеп директорына қатаң сөгіс берілгенін жеткізді.

"Кербұлақ ауданы Нұрым ауылының 4 сынып оқушысы жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көмек алатын оқушылардың тізімінде болмаған. Анасының өтінішіне байланысты мектеп формасы берілген, оқушыға өлшемі үлкен болған. Бүгінде форма ауыстырып берілді. Орын алған жағдайға жол берген мектеп директорына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды",- делінген ведомствоның хабарламасында.