"Ол – миллиардер": Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі туралы тараған видеоға жауап берді

0
2 432

Аталған роликте экс-министрді коррупционер деп айыптаған.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының дүние-мүлкі туралы видеоролик кеңінен тарап кетті. Авторы жоқ бейнематериалда экс-министрдің жылжымайтын мүлкінің құны миллиардтармен есептеледі делінген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алайда, А.Мұхамедиұлы аталған роликке қатысты көп күттірмей өз жауабын берді.

«Достар, мұнда бір видео белсенді түрде таратылуда, маған оны бүгін 10 мәрте жіберді. Ауызына май, дегендей...
Шамасы, жала жабу мен арандатулар әлі көп болатын сияқты: кезекті ақпараттық шабуыл қарқын алуда. Әдеттегідей, анонимді, жалған... Әр кезде ұмытпайтындарыңызға рақмет.
Ал барлық достарымды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бірге болғандарыңыз үшін рақмет айтам», - делінген Арыстанбек Мұхамедиұлының Facebook-парақшасында.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылдың тамызынан 2019 жылдың маусым айына дейін Мәдениет және спорт министрі болған. Қазір ҚР Ұлттық музейінің директоры.