Ольга Перепечина Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды

0
605

Сенат регламентіне сәйкес, Палата төрағасының орынбасарын сайлау туралы қаулы ашық дауыс беру арқылы қабылданды.


Ольга Перепечина Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды

ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып Ольга Перепечина сайланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Конституциялық нормаларға сәйкес, Палата төрағасының орынбасарына кандидатураны Сенат төрағасы ұсынады. Осы құқықты пайдалана отырып бұл лауазымға Ольга Валентиновна Перепечинаның кандидатурасын ұсынамын. Ольга Валентиновнаны баршаңыз жақсы білесіздер, өз ісінің нағыз маманы, тәжірибелі сенатор. Соңғы төрт жылдан астам уақытта Сенаттың Қаржы және бюджет комитетін басқарды», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында.

Сенат регламентіне сәйкес, Палата төрағасының орынбасарын сайлау туралы қаулы ашық дауыс беру арқылы қабылданды. Депутаттар бұл шешімді бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, Қ.Тоқаевтың тағы бір Жарлығымен Нұрлан Әбдіровтің Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

Осы орайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды.