Ольга Рыпакова ҚР Қарулы Күштерінің подполковнигі атанды

0
769

Салтанатты шарада өзге де әскери спортшылар марапатталды.


Ольга Рыпакова ҚР Қарулы Күштерінің подполковнигі атанды

ERNUR.KZ. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға жаңа әскери атақ берілді. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жеңіл атлет ҚР Қарулы Күштерінің подполковнигі атанды. Спортшы жаңа қызметінде жауапкершіліктің еселене түсетінін айтты.

«Спорт және әскери өмір – бұл нағыз патриоттарды, әрдайым жеңіске ұмтылатын қайратты, батыл және адал спортшыларды тәрбиелейтін тандем. Қазақстан армиясының спорт клубы мен біздің қорғаныс министрлігіміздің намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе», - деді спортшы.

Сондай-ақ, олимпиада чемпионы салтанатты шарада биыл әлемдік деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері атанған үздік әскери спортшылардың да марапатқа ие болғанын атап өтті.

Ольга Рыпакова – қазақстандық жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016).