Ольга Рыпакованың қызы Бүкіләлемдік гимназиада топ жарды

0
385

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Нормандияда (Франция) өткен World Gymnasium 2022 турнирінде күміс медаль жеңіп алды.


Ольга Рыпакованың қызы Бүкіләлемдік гимназиада топ жарды

ERNUR.KZ. Ол ұзындыққа секіру сайысын 6,07 м көрсеткішпен аяқтады, деп жазады zakon.kz.

Гимназиада – 2022 жарысында Анастасия Рыпаковадан бөлек қазақстандық таэквондошылар да көзге түсті. Олар үш алтын, екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Оқушылар арасындағы сайыста Акрамат Долгиев, Рита Бакишева және Азиза Қараджанова жеңімпаз атанды. Наргиз Мерамбек пен Бекарыс Бекенов қола жүлдегерлер деп танылды.




Бұл гимназиадаға Қазақстаннан спорттың 18 түрінен 234 оқушы аттанған еді.