Омбудсмен Президенттен ерлер мен әйелдердің еңбек құқықтарын теңестіруді сұрады

0
603

Қазақстандық еңбек нарығында тізімде көрсетілген кейбір жұмыстарда әйелдер жоқ немесе оларды керек етпейтінін де мойындауымыз керек.


Омбудсмен Президенттен ерлер мен әйелдердің еңбек құқықтарын теңестіруді сұрады

ERNUR.KZ. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен қиын, зиянды және қауіпті жұмыс түрлері бойынша әйелдердің еңбегін шектеу туралы норманы алып тастауды ұсынды. Бұл бастама ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған ресми хатында айтылған, деп жазады zakon.kz.

"Мен Парламент Мәжілісінің депутаттары әзірлеген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы және гендерлік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының аясында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға Үкіметпен бірлесе отырып Еңбек кодексіне өзгертулер енгізу туралы мәселені қарастыруға тапсырма беруді сұраймын", - дейді Эльвира Азимова Үндеуінде.

Омбудсменнің пікірінше, қандайда бір гендерлік айырмашылықтарсыз еңбек құқықтарының абсолютті теңдігі гендерлік мәселелер тұрғысындағы маңызды қадам болып табылады және барлығына бірдей жұмыс істеу құқығын және жұмысты еркін таңдауды білдіретін Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қағидаларына сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде жұмыс берушілердің әйелдерді өндірістің ауыр және зиянды түрлеріне тек еңбектің қауіпсіздік шараларын жасаған кезде ғана жұмысқа алу туралы шешім қабылдау құқығы туралы ереже бар (26-бап, 2.4-тармақ).

Көрсетілген өндіріс түрлеріне қолданыстағы заңнама атом электр станцияларын, мұнай мен газ өндіруді және қайта өңдеуді, көмір және тау-кен шикізатын өндіруді және қайта өңдеуді, кокстыхимиялық өндірісті, мұнай-химия өндірісін, ағаш дайындау жұмыстарын, цемент өндірісін, асбест өндірісін және басқаларды жатқызады.

Бүгінгі таңда жұмыс беруші, егер еңбек жағдайлары ол үшін жеткілікті қауіпсіз емес деп тапса әйелді жұмысқа алудан бас тартуға құқылы. Қазақстандық еңбек нарығында тізімде көрсетілген кейбір жұмыстарда әйелдер жоқ немесе оларды керек етпейтінін де мойындауымыз керек.

Сонымен қатар, ер адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамада мұндай құқықтық нормалар көрсетілмеген. Осылайша, іс жүзінде, егер әлеуетті әйел қызметкер барлық қажетті талаптарды толық қанағаттандырса да, оларды кемсіту жағдайлары орын алуы мүмкін.

Омбудсменнің пайымынша, жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші әлеуетті қызметкердің жынысына емес, зиянды еңбек жағдайлары шеңберіндегі медициналық қарсы көрсетілімдер тізіміне сәйкестігі бойынша оның кәсіби қасиеттері мен денсаулық жағдайына назар аударуы керек. Бұл тізім психикалық ауытқулардың, жүйке жүйесінің ауруларының, тері және жыныстық жолмен берілетін аурулардың, жұқпалы аурулардың, соматикалық аурулардың және өзгеде аурудың тізімін қарастырады.

Хатта жазылғандай, медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 8-бабын іске асыру бойынша уәкілетті орган бекіткен. Ал ондағы қарсы көрсетілімдер, гинекологиялық қарсы көрсетілімдерді құрайтынды қоспағанд, жыныстық көрсеткіш бойынша шектелмеген. Қызметкерге қауіпті немесе зиянды еңбек жағдайларына байланысты берілетін кепілдіктер де гендер бойынша шектелмейді, бірақ олардың ішінде жұмыс уақытының қысқаруы, қосымша ақы төленетін еңбек демалысы, жалақының жоғарылауы, жұмыс берушінің кәсіптік қауіп-қатердің алдын алу бойынша шаралар қабылдауы және басқалары көрсетілген.

Медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімін денсаулықты сақтаудың (оның ішінде репродуктивті денсаулықты), ананы, әке мен баланы қорғаудың конституциялық кепілдіктерін ескере отырып кеңейту ұсынылады. Сонымен қатар, омбудсмен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде үшінші әмбебап мерзімді кезеңнің нәтижелері мен БҰҰ-ның әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық нысандарын жою жөніндегі комитетіндегі ұлттық баяндаманың қорғалуы нәтижесінде, Қазақстан барлық мамандықтар бойынша қазіргі кездегі "зиянды" салалардың тізімін алып тастауға және оған бірдей қол жетімділікті қамтамасыз етуге міндеттелгеніне назар аударады. Бұл ұсыныс Конституцияның 14-бабының 2-тармағына және "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" Заңға да сәйкес келеді.

Дүниежүзілік банкініңқайта құру және даму халықаралық банкінің 2019 жылғы 14 қаңтарда жариялаған "Әйелдер, бизнес және заң" атты IV шолуында Қазақстан әйелдердің еңбекке қол жетімділігіне әлі де шектеулер бар елдердің қатарына жатқызғандығын атап өту маңызды (100-ден 72,5 балды құрады).

Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе жұмысқа орналасуда гендерлік айырмашылықтаран бас тарту тенденциясын көрсетеді. Мәселен, Өзбекстанда Президентінің 2019 жылғы 7 наурыздағы "Еңбек құқықтарының кепілдіктерін одан әрі нығайту және әйелдердің кәсіпкерлік қызметін қолдау шаралары туралы" жарлығын іске асыру барысында әйелдерге толық немесе ішінара жол берілмеген жұмыс орындарының тізімі жойылған. Украинада да 2017 жылы тиісті тізім жоққа шығарылған. Молдавияда жүкті, бала емізетін және жақында босанған әйелдердің тізімі жасалады. Америка Құрама Штаттарында гендерлік шектеулер жоқ. ЭЫДҰ елдерінің арасында шектеулер тек сегіз мемлекетте бар және аз ғана жұмыс орындарына арналған. Сондай-ақ, Францияда әйелдерге ауыр көтеруге тыйым салынады (25 келіден жоғары). Қытайда ауыр жұмыстарға шектеулер бар. Беларусь Республикасында (181), Ресей Федерациясында (79) тыйым салынған жұмыс орындарының тізімі айтарлықтай қысқартылған.

Осылайша, Қазақстан үшін басқа елдердің еңбек саласында әйелдерге қатысты кемсітудің бір түрі ретінде қарастырылатын "әйелдерге арналмаған" жұмыс орындарының тізімінен бас тартудың нақты мысалы мен міндеттемесі бар.