«Оң болжамдар бар»: ТЖМ Майқайыңда құлаған автобустағы адамдардың тірі қалуы жайлы

0
672

Автобустағы адамдар тірі болуы мүмкін деген болжам айтылды


«Оң болжамдар бар»: ТЖМ Майқайыңда құлаған автобустағы адамдардың тірі қалуы жайлы

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов іздестіру жалғасып жатқанын, бірақ жағдай күрделі әрі қауіпті екенін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бұл мәселе өте күрделі әрі қиын. Себебі мамандар жердің түсірілімін жасағанда автобустың тұрған жерін болжады. Құрылғы ол жерде металл бар екенін көрсетті. Оған қоса бос кеңістік бар екені анықталды. Сондықтан біздің құтқарушылар мен өзге органдардан шақырылған мамандар өте күрделі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Себебі күн суық. Ол құтқарушылардың өмірлеріне де қауіпті. Өйткені топырақ жылжыса, ол жердегі жұмыс істеп жатқан техника төмен түсіп кетуі мүмкін. Барлық қауіпсіздік шаралары оқиға орнында сақталып жатыр. Автобус жатыр деп болжанған жердің шетіне жақындады. 2 мың текше метр топырақ шығарылды. Енді эскалатор жұмыс істеп, ақырын топырақты шығарып жатыр», - деді ол.

Сыздықов атағандай, адамдардың тірі қалуы жайлы болжамдар бар.

«Оң болжам бар. Бірақ әзірге нақты күні мен уақытты атай алмаймыз. Жағдай күрделі, операция бірегей. Өте мұқият жұмыс істеуді қажет етеді, - деді Сыздықов.

Естеріңізге сала кетейік, жұмысы тоқтатылған «Майқайың-алтын» шахтасының маңында автобус жер астына құлап кеткен. Екі адамның мәйіті табылды. Өзге адамдар іздестіріліп жатыр.