Он екі жастан асқан балалар кейбір мекемелерге Ashyq арқылы кіргізіледі

0
320

​Мұндай шара екінші тамыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында күшіне енеді.


Он екі жастан асқан балалар кейбір мекемелерге Ashyq арқылы кіргізіледі

ERNUR.KZ. 12 жастан асқан жасөспірімдер кейбір ұйымдарға тек Ashyq арқылы кіргізіледі. Тиісті қаулыға Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойған болатын, дейді sputnik.kz.

"12 жастан асқан балалардың компьютер клубтарына, цирктерге, кинотеатрларға, балалар сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қалааралық туристік тасымалдарға Ashyq қосымшасында ерікті тіркелумен, соның ішінде басқа платформалар (мәселен, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz) арқылы кіруі қамтамасыз етілсін", - делінген қаулы мәтінінде.

Қаулының толық мәтін мына жерден оқыңыз.