Өңір басшысы Қарағандыны басып тұратын түтін мәселесі қашан шешілетінін айтты

0
1 098


Өңір басшысы Қарағандыны басып тұратын түтін мәселесі қашан шешілетінін айтты

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 11 қарашада өткен брифингте қаланы бөгіп тұратын түтін мәселесі қашан шешілуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Zakon.kz.

Журналистер Қарағандыны басып, кетпей тұрып алатын түтіннің басты себебі экологтар сапасыз көмірге байланысты екенін айтқанын еске салды. Сөйтіп әкімнен бұл мәселенің қалай шешілетінін сұрады.

"Жаман көмір, арзан көмір болуы мүмкін, кейбіреулері, тіпті көмір қалдықтарын да пайдаланады, мұндай фактілер де бар. Қаланың ескі бөлігіндегі жеке бизнестің қазандықтарында солай болуы мүмкін", - деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.