Өңірлерде атқарушы билік жергілікті тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істей бастады - А. Балаева

0
526

Аида Балава: 2022 жылы ҚХА медиация кабинеттерінде 10 мың өтініш қаралып, барлық шағым шешімін тапты


Өңірлерде атқарушы билік жергілікті тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істей бастады - А. Балаева
2022 жылы ҚХА медиация кабинеттерінде 10 мың өтініш қаралып, барлық шағым шешімін тапты. Бұл туралы Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Құрметті Ассамблея мүшелері, Сессия қонақтары мен қатысушылары!

Сессияның жұмысына хош келдіңіздер! Баршаңызбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын!

Өздеріңіз білесіздер, ертең Мемлекет Басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті Сессиясы өтеді.

Еліміз үшін саяси маңызы зор осы шараның алдында күн тәртібімен танысып, ақылдасу үшін Өздеріңізбен арнайы кездесіп отырмыз.

Былтыр Ассамблея отырысында жаңа формат – панельдік секциялар жұмысы басталған еді. Биыл да осы дәстүрді сабақтастықпен жалғастырудамыз.

Бүгінгі жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, «Ассамблея жастары», Кәсіпкерлер Қауымдастығы, ғылыми-сараптамалық топтардың және басқа да саланың өкілдері қатысып отыр.

Сіздердің қызметтеріңіз қоғамның көз алдында. Барлығыңыз да қоғам мүддесі, халық игілігі жолында, еліміздегі тұрақтылық пен тынышты нығайтуға үлес қосып келесіздер.

Өздеріңізге мәлім, 2022 жыл – еліміз үшін үлкен саяси өзгерістер жылы болды. Оның нәтижесінде мемлекеттік басқару құрылымы толық жаңарды.

Бұл іс-шаралардың барлығына Ассамблея жанындағы институттар түгелдей белсенді қатысты. Осы арқылы әрқайсысы еліміздің саяси жаңаруына өз үлестерін қосты.

Ең бастысы ел бірлігі сынға түскен маңызды кезеңнен абыроймен өте алдық. Ішкі тұрақтылық жолындағы мызғымас бірлігімізді көрсеттік.

Біздің мақсатымыз біреу, ол – мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау. Еліміздің егемендігі – барлығымызға ортақ құндылық, ал оны қастерлеп, сақтау – азаматтық парыз!

Бұл орайда, осындай саяси-маңызды іс-шаралар – ел тағдырына қатысты ой-жоспарлармен бөлісуге мүмкіндік беретін ақпарат алаңы.

Сондықтан да бүгін Өздеріңізбен арнайы кездесіп отырмыз", - деп мәлімдеді Аида Балаева.