Оңтүстік Кореяда еңбек мигранттары жол апатына түсті: арасында бір қазақстандық болуы мүмкін

0
405

Қайғылы жағдай Сеулден 85 шақырым жерде болған.


Оңтүстік Кореяда еңбек мигранттары жол апатына түсті: арасында бір қазақстандық болуы мүмкін

ERNUR.KZ. 27 желтоқсан күні Оңтүстік Кореяның Асан қаласының маңында бірнеше мигрант жол апатына түсті. Арасында қазақстандық азамат та бар. Бұл туралы The Korea Times порталында жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы жағдай Сеулден 85 шақырым жерде болған. Бір көлікте кетіп бара жатқан екі ресейлік, бір қазақ және бір өзбек азаматы мұзды жолда тұрып қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесуді жөн көрген. Олар үйлеріне қайтып бара жатқан жерінен өздерінің көліктерінен түсіп, бір тонналық жүк көлігін итермек болған.

Алайда сол сәтте оларды басқа көлік келіп соққан. Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Ал қалған төрт азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай артынша екеуі қайтыс болған.