Орал - Атырау тасжолында болған жол апатынан бір бала мен екі ересек адам қаза тапты

0
1 281

20 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында Самал ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болды.


Орал - Атырау тасжолында болған жол апатынан бір бала мен екі ересек адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Салдарынан бір бала мен екі ересек адам қаза тапты, деп жазады Zakon.kz.

Mazda CX-7 41 жастағы жүргізушісі қандай да бір себептермен қарсы жолаққа өтіп кетіп, жүк көлігімен соқтығысты


"Mazda көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында 40 жастағы әйел мен 12 жастағы бала бар. Тағы 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Олардың бәрі Өзбекстаннан", - делінген хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.