Орал тұрғындары желі арқылы шағымданып, су тарифін төмендетті

0
778

Оралдық тұрғындар негізсіз көтерілген тарифті төмендетуге қол жеткізді.


Орал тұрғындары желі арқылы шағымданып, су тарифін төмендетті

ERNUR.KZ. "Батыс Су арнасы" кәсіпорны тұрғын үйлерге пломба қою құнын 455 теңгеден 955 теңгеге бір-ақ көтерген. Бағаның бұлай екі есеге дейін қымбаттауына наразы болған тұрғындар әлеуметтік желі арқылы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментке шағымданды, деп жазады Zakon.kz.

Қызмет көрсетуші кәсіпорынның әрекетіне қатысты монополияға қарсы комитетпен бірлескен тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде компания су есептегіш құралды пломбалау құнын өзгертпейтін болды. Сонымен қатар бір су есептеу құралын пломбалау құнын 454 теңге шамасында бекіту туралы шешім қабылдады.
"Қоғамдық бақылау картасы" аясында арыз-шағымдар көп түседі. Біз олардың әрқайсысы бойынша нәтижелі жұмыс істейтін боламыз",- дейді департамент өкілдері.
- Мысал үшін осы облыстық соттың қызметтің екі түрлі нөмір тағуы, осы мәселе бойынша қазір жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сосын қызметтеік автокөліктердің терезені қараңғы қылуы, сосын қалада жүзеге асырылып жатқан "Смарт Уральск" деген қосымша бар, сол бойынша адамдардың өте көп шағымы көбейіп отыр. Мысалы өзінің жеке нөмірін теретін болса басқа тұлғаның фамилиялары шығып жатыр. Сол бойынша қазір әр түрлі шаралар жүргізіп жатырмыз, - дейді БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.