Орал тұрғыны 60 джип көлігін жалдап, серуендеген

0
1 732

«Арасан» саунасы маңына автокөліктердің жиналып жатқаны жөнінде хабар түскен.


Орал тұрғыны 60 джип көлігін жалдап, серуендеген

ERNUR.KZ. Орал тұрғыны 60 джипті жалдап, қала ішінде серуендеген, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 11.00 шамасында «Самал-1» шағындауданында болған.

«Арасан» саунасы маңына автокөліктердің жиналып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде ер адамның джиптерді жалдап, қалада серуендеп жүргені анықталды.

Ер адам отбасындағы кикілжіңнен кейін осындай қадамға барған.

Тұрғын қалалық полиция басқармасына жеткізілгеннен кейін есін жиып, бұған өкініш білдірген. Сосын ол құқық бұзушылық болмағандықтан, үйіне жіберілді.