Оралда 12 жастағы қыздың зорлану оқиғасы бойынша тың деректер жарияланды

0
270

Қорғансыз қызды жәбірлегендер- 9 және 10-класс оқушылары мен студент.


Оралда 12 жастағы қыздың зорлану оқиғасы бойынша тың деректер жарияланды

ERNUR.KZ. Орал қаласында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 5 адам қамауға алынды. Қорғансыз қызды жәбірлегендер- 9 және 10-класс оқушылары мен студент, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлады.

6-класта оқитын қызының үйге келмегеніне алаңдаған анасы полицияға хабарласқан. Жоғалған жеткіншек бір күннен кейін жалдамалы пәтерден табылды. Қыз баланың айтуынша, оған осы үйде зәбір көрсеткен.

Күдіктілер бірден қамауға алынды. Полиция бұған қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Қыз бала жасөспірімдердің біреуін ғана танитынын айтты, соның сөзіне еріп пәтерге барған. Сол кезде ішімдікке масайған жігіттер оны зорлапты. Жәбірленушінің ішімдік ішпегенін анықтадық. Күдіктілер бұған дейін ұрлық пен тонау секілді қылмыс жасағаны үшін істі болған. Біреуі тіпті үш рет сотталған. Олар айыпталған бап бойынша 20 жылға соттау жазасы қарастырылған», - деді қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Виктор Котельников.