Оралда 120 мың тұрғын сусыз қалып отыр

0
915

Оралда Зашаған мен Деркөл ауылдарының арасындағы автожол маңында төтенше жағдай болған.


Оралда 120 мың тұрғын сусыз қалып отыр

ERNUR.KZ. Оралда кәріз коллекторында болған апат салдарынан 120 мың тұрғын сусыз қалып отыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

26 маусымда Оралда Зашаған мен Деркөл ауылдарының арасындағы автожол маңында төтенше жағдай болған. Нәтижесінде қаланың солтүстік-шығыс бөлігінің тұрғындары сусыз қалып қойған.
"Батыс Су Арнасы" ЖШС басшылығының өкілдері қазіргі уақытта жұмыстардың жүргізіліп жатқанын хабарлады. Айтуларынша, кәріз коллекторының апат болған аумағы жөнделеді.


"26 маусымда таңғы сағат 9-да Оралдың солтүстік-шығыс және Деркөл ауылында су өшірілді. Уақытша келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз
", - деді Орал әкімдігінің өкілдері.


"Оралдың 120 мыңға жуық тұрғыны сусыз қалып отыр. Облыс орталығының тоғыз нүктесіне су жеткізіліп жатыр. Апаттың нақты қашан жойылатынын айта алмаймыз. Мамандар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр", - деді "Батыс Су Арнасы" ЖШС директоры Нұр Төлеуғалиев.